Алматы әкімдігі жарықтандыру бойынша істе жеңіске жетті
Алматыда қоғамдық орындардағы жарықтың нашарлығы немесе мүлдем болмауы қылмыс қаупін арттырады. Осы орайда Алматы қаласының тұрғындары жарықтандыру мәселесі бойынша әкімдікке өз өтініштері мен шағымын жолдай бастады. Құқық бұзушылық қаупін арттыратын негізгі факторлардың бірі - сапасыз жарықтандыру немесе оның қоғамдық орындарда жарықтың мүлдем болмауы екені белгілі.
Осы мәселенің салдарынан мемлекеттік және жекеменшік әріптестік шартының күші жойылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Алматы қаласын сыртқы жарықтандыруды модернизациялау» жобасы бойынша шарты бұзылды. Яғни «Алматы Қала Жарық» МКК – нің «ABM - Вuilding 2007» ЖШС, «Электроремонт» ЖШС және «ABM - Project» ЖШС үш компаниядан тұратын жеке әріптес-консорциуммен шартты бұзу туралы талабы қанағаттандырылды.
Неліктен шарт бұзылды және шарт қашан жасалды?
Бұрын жарияланғандай, жеке серіктес шарт бойынша өз міндеттемелерін жосықсыз орындады және пайда болған көше жарықтандыру мәселелерін шеше алмады. 2018 жылы Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, сондай - ақ ведомстволық бағынысты ұйым – «Алматы Қала Жарық» ШЖҚ МКК (АҚЖ) «Алматы қаласының сыртқы жарықтандыруын модернизациялау» жобасы бойынша МЖӘ шартын үш компания құрамындағы жеке әріптес - консорциуммен жасасқан кезде басталды: «ABM-Вuilding 2007» ЖШС, «Электроремонт» ЖШС және «ABM-Project» ЖШС. Жеке серіктес модернизацияны ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы жарық нүктелеріне техникалық қызмет көрсетуді және ағымдағы жөндеуді өз мойнына алды, 2020 жылы бұл жұмыстардың көлемін 2 еседен астамға арттырды.
Бірақ ынтымақтастықтың барлық кезеңінде жеке серіктес МЖӘ объектілерін жобалау, модернизациялау және пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды орындау мерзімдерін бірнеше рет бұзды. Ал кейбір жұмыстар толығымен ақаулармен тапсырылды. 2022 жылдың басынан бастап энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Алматы Қала Жарық» компаниясымен бірлесіп, жеке серіктес іс жүзінде назар аудармаған жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімдері бойынша үнемі ескертулер жолдады. Сол себепті ағымдағы жылы сотқа талап арыз берілді.
Орындалған жұмыстардың сапасы да төмен. Консорциум орнатылған жабдық бойынша құжаттаманы ұсынбады. Бірде-бір жарық құрылғысы пайдалануға берілмейді және коммуналдық меншікке өтпеді. Нәтижесінде, жаңартылған шамдар әлі де жеке әріптестің меншігінде.
Қаладағы көше жарығының жиі сөнуіне де жеке әріптес орнатқан басқару шкафтарының ажыратқыштарының сапасыз болуы себеп болды. Ең үлкен алаңдайтын мәселе бүкіл қала бойынша СЖБШ ашық қалуы. Бұл әсіресе балаларға қолжетімді болды және электр тогының соғу қаупін тудырады. Сондай-ақ, бағаналары жерге тұйықталмаған, желілердің ұшқынына әкеліп соқтырды және азаматтардың өміріне қауіп төндірді. Сондықтан, жарық нүктелеріне техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеуге мемлекеттік әріптестер мен тұрғындар тарапынан көптеген шағымдар мен ескертулер болды, қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығына төнетін қатерлерді айтпағанда, «ABM-Вuilding 2007» ЖШС, «Электроремонт» ЖШС және «ABM-Project» ЖШС-мен МЖӘ шартын бұзуға бастама жасау туралы шешім қабылданды. Айтпақшы, «Электроремонт» ЖШС биыл мемлекеттік сатып алу бойынша жосықсыз жеткізушілер реестріне енді
Сот бұл мәселені толық негізге алып, екі тарапты ескеріп шешім қабылдады. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жекеше әріптеске берілген мемлекеттік мүлікті қайтару, шығындарды өтеу, сондай-ақ консорциумға айыппұл санкцияларын салу жөнінде шаралар қабылданатын болады.