Алматы қаласы құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру
Бүгінде қалалық құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру үшін заманауи жаңа технологиялар мен өзгерістерді енгізіп жатыр. Яғни деректерді талдау, бет-әлпетті тану мүмкіндігі бар бейнебақылау жүйелері, құқық қорғау органдарының жұмысын оңтайландыру үшін арнайы бағдарламалық шешімдерді әзірлеу сияқты жаңа технологияларды қамтиды.
Солардың біріне Алматы қалалық полициясының сервистік моделін айтсақ болады. Бұл қызмет кез келген мәселе бойынша құқықтық тәртіпті қорғаушыларға жүгіну үшін қолжетімді болу үшін қосылған.
Жаңа модель аясында жергілікті бюджет есебінен мегаполисте «қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша жұмыс істейтін және полиция мен жергілікті тұрғындар арасында әріптестік қатынастар орнатуға бағытталған 30 заманауи учаскелік пункт пен 16 сервистік орталық ашу жоспарланған. Осы жобаларды сәтті іске асыру үшін «Қауіпсіз қала» бағыты бойынша Алматы қаласы әкімдігі жанындағы жобалық кеңсе мен ҚР ІІМ белсенді жұмыс жүргізіп отыр.
Алматыда алғашқы осындай учаскелік пункт (ПУП) осы жылдың тамыз айында Наурызбай ауданындағы «Алем Сити-1» тұрғын үй кешенінде ашылды. Бұл ТҮК-дегі аулаларда, кіреберістерде, сонымен қатар, іргелес аумақтарда бейнебақылау камералары қойылды, бұл құқық қорғау органдарына ауданның қауіпсіздігін тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді. Осы негізде Алматы қаласы ПД УМПС учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бөлімі өз алдарына бірқатар маңызды міндет қойғандарын жеткізді. Олардың бірегейі ретінде оқиғаларға жылдам әрекет етіп, қылмыс пен қауіпсіздікті алып отыр. Бұл қызмет қызметкерлерге ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін байланыс, бейнебақылау және мәліметтер базасымен қамтамасыз етеді. Соның арқасында құқық қорғау қызметкерлері сын-қатерге жедел ден қойып, тергеуді тиімді жүргізеді.
ПУП-тардың тұрғын үй кешенінде орналасуы учаскелік инспекторға сол аумақтағы тұрғындармен тиімді қарым-қатынас жасауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Соның арқасында олар тұрғындармен қарым-қатынастарын тиімді әрі өзара күшейте алып, түрлі іс-шаралардың арқасында әрдайым байланыста болады. Жаңадан ашылған сервистік орталықтарда адамдар үшін барлық жағдай жасалынған, солардың бірі 55 тегін қызметтер, түрлі саланың эксперт мамандары, сондай-ақ заң және құқық мәселелері бойынша тегін консультациялар жүргізіледі. Сонымен қатар, сервистік орталықтарда ресепшн, күту аймағы, балалар бұрышы қарастырылған.
ІІО жүйесінде учаскелік полиция инспекторлары ең көпфункционалды полиция қызметін ұсынады. Олар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алудың, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің, тұрғын шағын аудандар мен елді мекендердегі азаматтардың қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Биыл 8 айда учаскелік инспекторлар 2 мың 211 қылмысты ашып, 63 мың 811 құқық бұзушылық анықталды. Жалпы Алматыда қылмыс 27,8%-ға төмендеді.