Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:32, 17 Ақпан 2025

Алматы полициясының қызметкерлері азаптау ісі бойынша кінәлі деп танылды

қаңтар
Фото: из открытых источников

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі полицейді азаптау бойынша кінәлі деп танып, шартты түрде соттады.

 Бұл туралы Алматы прокуратурасының сайты жазды.

Сот сотталушыларды 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура мәлімдемесінде сот процестік келісімді ескергенін айтты.

"2023 жылы 29 наурызда кінәлі полиция қызметкерлерінің туысының пәтерінде, жеткізілген азаматқа қатысты оған бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату мақсатында азаптаулар қолданылғаны дәлелденді. Полицияның заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге тән азабы келтірілген", - делінген хабарламада.

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокуроры тергеген.

Сондай-ақ сот айыпталушыларды арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру туралы қаулы шығарды.

Сонымен қатар, прокуратураның ұсынуы негізінде қарамағындағы қызметкерлердің қызметіне бақылаудың болмауы және қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 10 полиция қызметкері, оның ішінде 5 құрылымдық бөлімше басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.