Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:58, 12 Қыркүйек 2024

Алматыда интернет-алаяқтардың 4 call-орталығы жойылды

п
Фото:polisia.kz

ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері Алматы қаласында төрт call-орталықты жойды.

Интернет-алаяқтар шетелге, соның ішінде Иран, Үндістан, Қытай, АҚШ және Малайзия азаматтарына қоңырау шалып, оларға “жоқ” инвестициялық мәмілелер жасауды ұсынған. 47 шетел азаматы, сондай-ақ Қазақстанның 5 азаматы ұсталды. Олардың шетел азаматтарына 2 мыңнан астам қоңырау шалғаны анықталды.

Тінту барысында 1,5 мыңнан астам телефон, 57 ноутбук пен компьютер, мыңнан астам sim-карта тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың қазақстандықтарға қатысты интернет-алаяқтық жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ішкі істер министрлігі алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтарды қырағы болуға шақырады. 

Тегтер: