Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:15

Алматыда «ҚазТаг» агенттігінің иесі Әсет Матаев ұсталды

Әсет Матаев
Фото: ашық дереккөз

Алматыда Әсет Матаев ұсталды. Ол 17 наурыз кешінде Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығы маңында болған төбелеске қатысы бар деген күдікке ілінді.

Полиция аталған оқиға бойынша бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғаған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға қатысқан екі адам мас күйінде ойын-сауық орнынан шыққаннан кейін екі ер адаммен сөзге келіп қалған. Олар қарсы тараптың бірін балағаттап, соның салдарынан жанжал төбелеске ұласқан.

Бұған дейін қоғам белсендісі Санжар Боқаев та ұсталғаны хабарланған еді. Ол әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінген.