Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:40

Алматыда кибер алаяқтықпен айналысқан шетелдік ұсталды

1
Фото: из открытых источников

Киберқылмыспен күрес департаментінің қызметкерлері Алматыдағы пәтерлердің бірінде шетелдікті ұстады. Ер адам қылмыстық құралды алаяқтық үшін пайдаланды деген күдікке ілінді.

Оның пәтерін тінту кезінде әрқайсысында SIM-карталарға арналған 32 ұяшығы бар үш SIM-box құрылғысы табылды. Сондай-ақ түрлі ұялы байланыс операторларының екі мыңға жуық SIM картасы тәркіленді.

"Құрылғылар қазақстандықтарға жалған қоңырау шалу үшін пайдаланылған. Анықталғандай, шетелдік азамат біздің елге өткен жылдың желтоқсан айында келген және алаяқтық әрекет жасағаны үшін қылмыстық техникаға қызмет көрсетумен айналысқан. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. уақытша ұстау изоляторы», - деді ІІМ Киберқылмыспен күрес басқармасының басшысы Жандос Сүйінбай.

Тегтер: