Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:05, 21 Ақпан 2024

Алматыда күйеуін жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйел сотталды

жүк көлігі
Фото: из открытых источников

Бірнеше ай бұрын Алматы облысында ер адамды жолда кетіп бара жатқан жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйелге қатысты сот үкімі шықты.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, 2024 жылғы 19 ақпанда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) фактісі бойынша сотқа берілген К. қатысты үкім шығарылды.

2023 жылдың қазан айында сотталушы К. Алматы облысы Қарасай ауданы Алматы-Бішкек автожолының шетінде масаң күйде бола тұра, өзінің азаматтық некедегі күйеуі М. арасында туындаған жанжалдың салдарынан оны жүріп бара жатқан жүк автокөлігінің дөңгелектерінің астына итеріп жіберген.

Жәбірленуші М. алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Сотталушының кінәсі толығымен дәлелденген және қылмыстық іс материалдарымен расталған, атап айтқанда: сотталушының айғақтарымен, күәлардың жауаптарымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен.

ҚК-нің 53, 54-баптарының талаптарына сәйкес сотталушы К. қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған, ал ауырлататын мән-жай алкогольден масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасау болып табылады.

«Сот үкімімен сотталушы К. ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.