Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Ағымдағы жылдың 30 қазанынан бастап көлік желісіне қала маңына қатынайтын №247 бағыт бойынша 4 жылжымалы бірлігі шығады, ол "Төле би - Яссауи - Мыңбаев кенті" сызбасы бойынша тасымалдайтын болады.
Жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес қызмет "Алматы трансавто" ЖШС тасымалдаушысына берілді. Осы бағытта көліктік қызмет көрсету үшін сыйымдылығы шағын Isuzu le-60 маркалы автобустар жүретін болады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Айта кетерлігі, Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы Алматы қаласының мобильділік басқармасы 25 елді мекенді қамти отырып, қала маңында 10 жаңа бағыттарды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін 4 бағыт іске қосылған – бұл №223 "Саяхат-Нұра және Туғанбай ауылдары", №233 "Қараой – Саяхат ауылы", №240 "Батыр ауылы – "Адем-1" СҮ, Солтүстік айналым көшесі, №236 "Төле би - Яссауи бұрылыс алаңы - Қарғалы кенті". Қалған маршруттар әзірленуде.
Бұдан басқа, Алматы және Алматы қалаларының маңында шағын елді-мекендерді дамыту арқылы 2024 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 20 жаңа бағыттарды ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елді мекен көлікпен қамтылатын болады.