Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне ер адам пышақпен шабуыл жасады
2026 жылғы 29 наурызда Алматыда жедел жәрдем бригадасы қауіпті жағдайға тап болды. Науқасты қарау кезінде оның ұлы алкогольдік мас күйде пышақпен қорқытып, қызметкерлерге қауіп төндірген.
Қызметкерлер бөлмеге қамалып, полиция шақыруға мәжбүр болды.
Полиция хабарлауынша, аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 380-3-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлі адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда 2026 жылғы наурыздан бастап медицина қызметкерлеріне күш көрсеткені немесе қауіп төндіргені үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Денсаулыққа қауіпті емес күш қолданғаны үшін 500-1000 АЕК айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан шектеу/айыру қарастырылса, денсаулыққа қауіпті күш қолдану 5-тен 10 жылға дейін, ауырлатқан мән-жайларда 12 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.