Алматыдағы жол апаты: «Полиция қызметкері неге қамауға алынбады?»
Депутат Мұрат Әбенов Алматыдағы жол апаты туралы айтты.
«Деректерді маған жеке адамдар берді. Қайтыс болған бір қыздың туысқардары хабарласты. Олардың айтуынша, тергеу өз деңгейінде жүріп жатқан жоқ. Көп ақпарат жасырулы деді. Маған айтылған тағы бір мәселе — жүргізушінің туысқандары, күзетшілер келіп, келіссөз жүргізгісі келген» , - деді Әбенов.
Осылайша қаза болған қыздың туысқандары депутатқа «қорқып тұрғандарын» жеткізген.
«Естуімізше, бұлардың қасында полиция қызметкері болған. Маған Әділетхан атты блогер көп ақпарат берді. Сол ақпараттарға қарасақ, автокөліктерге жалған нөмірлер салынған, полиция қызметкері қызметтік көлікпен жүрген. Дәл осындай адамдар полицияның орынбасары болып отырса, тергеу қалай жүреді?», - деді депутат.
Бұл блогер ақпаратты қайдан алған?
«Ақпараттық жүйеден алған. Ашық түрде тұр ғой. Сол себепті қанша айыппұл түсті көрініп тұр және жүргізушілердің өздері жалған нөмірлер салған, үкіметке қарсы мемлекеттік нөмірмен жүр. Бұл қалай? Баяғы Ескі Қазақстан деп айтамыз, соның өкілдері мемлекеттік нөмірмен жүр. Бұл — үлкен заңсыздық», - дейді Әбенов.
Сондай-ақ, депутат осы іске қатысты өзінің ұсыныстарын айтты.