Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:43

Алматыдағы жол апаты: Полиция қызметтік тергеу бастады

Жол апаты
Фото: ашық дереккөз

2026 жылғы 21 наурызға қараған түні Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында орын алған қайғылы жол апатына байланысты полиция департаменті қызметтік тергеу бастағанын мәлімдеді. Апат салдарынан үш адам қаза тапты.

– Жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда үш немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Полицияның мәлімдемесі:

Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов халықпен кездесуде бұл іс бойынша алдын ала тергеу амалдары жүріп жатқанын және күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкциясы қолданылатынын мәлімдеді.

Көшедегі жарыс болуы мүмкін бе?

– Әлеуметтік желілерде тараған деректерге сәйкес, апатқа себеп болған Zeekr автокөлігі өзге бір көлікпен жарысқан болуы мүмкін. Кейбір мәліметтерде бұл жарысқа жоғары лауазымды полицейдің қатысы бар екені айтылған.

– Осыған байланысты департамент ішкі қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. «Егер полицейлердің кінәсі дәлелденсе, ең қатаң шаралар қолданылады», – деді Кабдулдинов.

Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Істің әділ тергелуі мен кінәлілердің жазалануы талап етілуде.

Айта кетейік, жол апаты түнгі уақытта Медеу ауданында болған. Zeekr маркалы электрокөлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соғысқан. Салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (екі жас қыз) оқиға орнында қаза тапқан.

Zeekr көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол конвоймен медициналық мекемеде күзетуде. Жағдайы тұрақталған соң уақытша ұстау изоляторына жеткізілмек.

Тегтер: