Алматыдан 300 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
2026 жылғы 19 ақпанда Астана уақытымен сағат 14:09-да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында орналасқан.
Эпицентр координаттары – 42.176º солтүстік ендік, 80.438º шығыс бойлық. Тереңдігі – 15 шақырым.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.8. Магнитудасы – MPV 5.3.
Есептік қарқындылығы (балл бойынша):
-
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы — 3 балл (66 км);
-
Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы — 3 балл (137 км);
-
Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы — 2 балл (193 км);
-
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы — 2 балл (201 км);
-
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы — 2 балл (224 км);
-
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы — 2 балл (238 км);
-
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ж. Қайыпова ауылы — 2 балл (266 км);
-
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодное ауылы — 2 балл (268 км);
-
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы — 2 балл (269 км).
Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Алматы тұрғындары тағы бір жер сілкінісін сезінген болатын. Оның эпицентрі қаладан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.