Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:22, 08 Қараша 2023

Алматылық келіншек көлік астына түсіп мерт болды

жол апаты
Фото: из открытых источников

Алматыда Әл-Фараби даңғылында, «Есентай Молл» сауда орталығына қарама-қарсы тұста адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған 1989 жылғы келіншекті жеңіл көлік қағып, мерт қылды.

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға орнындағы жақын маңда жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткелінің болғанына қарамастан әйел адам көліктер жүйіткіп жатқан жолды кесіп өтпекке бел буған.

Куәгерлердің айтуынша, келіншек жолдың бір бөлігін кесіп өтіп, ортада сәл аялдап, үлгеремін деп ойлаған болуы керек, келесі бөлігінен де жүгіріп өтпек болғанда шығыс бағыттан келе жатқан BMW X6 көлігінің астына түскен.