13:48, 09 Қаңтар 2024
Алматылық тұрғын екі ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
Алматыда екі ұлын өлтірді деген күдікпен балалардың әкесіне қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Zhasalash.kz.
Қаза болған балалардың үлкені 5-сыныпта, кішісі 2-сыныпта оқыған. Күдікті әжеcінің қарауында болған балаларды ауруханаға апарамын деп алып кеткен. Алайда ол балаларды ауруханаға емес, пәтерге апарған.
Алматы қалалық полиция департаменті балалардың қазасына қатысты қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Жағдайлар анықталып жытыр, – деп хабарлады полиция департаменті.
Қайтыс болған балалардың жақындарының айтуынша, туған әкесі оларды ауруханаға емес, жалға алған пәтерге апарып, ойына келгенін істеген.