15:22, 01 Сәуір 2020
Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облысында үш адамнан вирус табылды
1 сәуір күндізгі сағат 16:50-де денсаулық сақтау министрлігі Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында үш адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.
Қазақстанда науқастар саны 372 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтанда — 184 адам
- Алматыда — 84 адам
- Қарағандыда — 14 адам
- Атырау облысында — 16 адам
- Ақмола облысында — 16 адам
- Алматы облысында — 9 адам
- Қызылорда облысында — 25 адам
- Жамбыл облысында — 3 адам
- Шымкентте — 3 адам
- Батыс Қазақстан облысы — 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам
- Ақтөбе облысында — 4 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында — 2 адам
- Павлодар облысында — 1 адам
- Маңғыстау облысында — 1 адам
- Түркістан облысында — 5 адам.
Барлығы үш адам вирустан қайтыс болды. 1 сәуірде Қарағандыда 62 жастағы ер адам қайтыс болды. Науқастың диагнозында коронавирустан бөлек екі жақ пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі болған. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам көз жұмды. Дәрігерлер науқаста қант диабеті, қан қысымы, жүрек қантамыр аурулары болғанын айтты. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 64 жастағы әйел қайтыс болған.