Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:48, 15 Наурыз 2021

Алматы былтырғыдай жабыла ма?

None
None

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы Республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов кәсіпкерлік субъектілерін қызметкерлер мен келушілердің денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыруға шақырып отыр.

 

Карантин талаптарын жиі бұзатындар және мемлекеттің барлық қаулылары мен өтінімдерін қасақана бұзатын адамдарды, егер ол бизнес субъектісі болса, онда көптеген келушілер мен өз қызметкелері үшін жауап береді, деген Р. Гасанов кәсіпкерлер мен қала тұрғындарын жауапкершілікті сезінуге және өз денсаулығына және айналасындағыларға қамқорлық жасауға шақырды.

— Қазір күрт өсу белең алды, Алматы қызыл аймақта тұр. Егер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамайтын адамдардың жауапсыз әрекеттері жалғаса берсе, жағдай одан сайын күрделене түседі. Мен рестораторларды шақырамын және мен барлық кәсіпкерлерден мейрамханаларды ғана емес, сонымен қатар сауда орталықтарын, базарлардан мүмкіндігінше жауапкершілікті талап етемін, өйткені егер мұндай жауапкершілік болмаса, онда қала былтырғыдай мүлдем жабылады. Сондықтан бұған жол бермеу үшін барлығымыз санитарлық ережелерді қатаң сақтауымыз керек, — деді ол.

Еске салайық, Алматыда қаладағы карантиндік шаралардың сақталуын бақылайтын бақылау топтарының жұмысы күшейтілді.

Тегтер: