12:49, 23 Шілде 2023
Алматы облысында кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап әкеткен әйел ұсталды
Алматы облысында кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап әкеткен әйел ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Қыздың аузы мен қолын байлап, Алматы облысы Қарғалы ауылының қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарған әйел ұсталды. Осы әрекеттен кейін күдікті баланы босатты. Тексеру барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы әйелді анықтады.
Ол Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталып, уақытша ұстау үшін арнайы полиция бөлімшесіне орналастырылды.
ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлігі 5-тармағы (Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты; бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.