Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:15, 20 Шілде 2023

Алматы полицейлері өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарып қалды

None
None

Алматының патрульдік полицейлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматты құтқарып қалды.

Бұл туралы Polisia.kz. жазды.

Түнде “102” пультіне хабарлама келіп түскен. Бостандық ауданының тұрғыны күйеуінің мас күйінде өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтқан. Көмекке бірінші болып “Буран-143” патрульдік экипажы барған. Ер адам үй сыртындағы кондиционер компрессорына отырып, төменге секіремін деп қорқытқан. Оның үстіне қолында пышақ болған.

"Қолында үлкен ас үй пышағы болды. Пышақты тамақ тұсына тақап алған. Полиция қызметкерлері жарады, қорықпады. Күйеуім оларды да пышақпен жаралауы мүмкін еді. Полиция қызметкерлеріне көп рақмет", – деді қала тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, күйеуі мас күйінде ашуға булығып, жанжал шығарған. Содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мән-жайын анықтап жатыр.

Тегтер: