12:34, 16 Сәуір 2020
Алматы қаласында коронавирустан бір адам қайтыс болды
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 15 сәуірде қалада 1960 жылғы ер адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады.
"1960 жылғы науқас 8 сәуірден бері орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімінде емделіп келген, жүрек-өкпе аурулары болғандықтан жағдайы ауыр болған. Анализ алынып, коронавирус бары анықталған" делінген басқарма хабарламасында.
Қазақстанда коронавирустан барлығы 17 науқас қайтыс болған.
(Жаңалық толықтырылады).