Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:15, 19 Наурыз 2021

Алматыда белгісіз біреу 12 мектепті жарып жібере жаздады

None
None

Алматыда белгісіз адам 12 мектепке «мина қойды» деген ақпарат пайда болды. Қазір полиция тексеру жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

«Бұл туралы 12 білім беру мекемесінің электрон поштасына хабарлама келген. Онда шабуылдаушы ақша аударуды сұраған. Талабын орындамаса мектеп ғимаратын жарып жіберетінін жазған», — деді құқық қорғау органдары өкілдері.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркелді. Белгісіз адамның жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Тегтер: