Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:16, 02 Тамыз 2023

Алматыда ірі өрт болған тұрғын үй кешенін кім салған?

None
None

Ірі өрт болған Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенін салушы «Айт құрылыс сауда» ЖШС.

Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Компанияның басшысы 47 жастағы түрік кәсіпкері Абдуррахман Зеки Арифиоглу.

Қазақстандағы мансабы:

— 2006 ж. — «Қазақстан Зираат Халықаралық Банкі» ЕБ» АҚ көтерме және бөлшек несиелеу департаментінің директоры;

— 2010-2012 жылдары — «Қазақстан Ziraat International Bank» АҚ орталық филиалының басшысы, басқарма төрағасының орынбасары;

— 2012 жылғы тамыз – 2018 жылғы маусым – «Қазақстан Ziraat International Bank» АҚ басқарма төрағасы;

— 2018 жылдың шілдесі – 2019 жылдың мамыры – Capital Bank Kazakhstan Басқарма төрағасының бірінші орынбасары;

— 2019 жылғы 16 мамыр – 2019 жылғы маусым – «AsiaCredit Bank» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма мүшесі;

— 2019 жылдың мамыры – 2020 жылдың наурызы – AsiaCredit Bank басқармасының төрағасы.

Еске салайық, 2019 жылдың тамызында Capital Bank, AsiaCredit Bank және Tengri bank бірігу процесін бастады. Бұған дейін Capital Bank-тің (бұрынғы TAIB Қазақ банкі) 2013 жылдан бері жалғыз иесі Орифжан Шадиев болған, ал 2019 жылдың маусымында Нұрбол Сұлтаннан AsiaCredit Bank-ті сатып алған.

2021 жылдың 25 маусымында Capital Bank Kazakhstan банктік және басқа да операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар, банк бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей алмайды. Банктің Ұлттық банк алдындағы жалпы қарызы (лицензияны қайтарып алу кезінде) 12,6 млрд теңгені құрады.

«Ақкент» шағын ауданындағы 16 қабатты үйдегі өрт сағат 17:10-да басталған. Онда пәтер өртеніп, жалын лифт шахтасына және электр сымдарына өткен. Сағат 18:46-да өрт сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігі 1-16-қабаттар аралығындағы электр кабельдері өртеніп жатқанын айтты. Өрт салдарынан бір әйел қаза тауып, 37 адам қаладағы көп бейінді ауруханаларға жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында – 26 бала, 2 жүкті әйел бар. Қазір балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде 4 бала жатыр.

Тегтер: