Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:56, 19 Тамыз 2020

Алматыда карантин ережесін бұзғандарға 39 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда карантин режимін бұзған мекеме иелеріне 39 миллион теңге айыппұл салынды.

Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты.

«Карантин режимін сақтауды бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топ құрылған болатын. Жүргізген іс-шаралар нәтижесінде осы уақытқа дейін 3423 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 126-сы заңды тұлғалар. Тәжірибе көрсеткендей, карантинді кейбір азаматтар сақтамайды. Азаматтар той тойлайды, клубтарға барады, кальян тартады», — дейді Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, ол рейд кезінде бірқатар заңсыз жұмыс істеген нысанның анықталғанын атап өтті.

«5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 кафе, 17 мейрамхана, 12 массаж салоны және 7 караоке клуб анықталып, олардың иелеріне қатысты әкімшілік кодекс бойынша 236 айлық есептік көрсеткіш ретінде 39 млн теңге айыппұл салынды», — деді ол.

Тегтер: