16:25, 01 Қараша 2021
Алматыда карантин жеңілдеді
Алматыда эпиджағдайға қатысты «сары» аймақ нормалары күшіне еніп, 1 қарашадан бастап "қызыл" аймақтың карантин шектеулері алып тасталды.
Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі мәлім етті.
Алматы "қызыл" аймақтан «сары» аймаққа өткеннен кейін жеті күннен соң карантин шектеулері жеңілдеді.
Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі осыған байланысты жаңа қаулы шықпайтынын, барлық талап Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қаулысында көрсетілгенін айтты.
Айта кетейік, Алматы 25 қазанда «сары» аймаққа өткен болатын.