15:18, 24 Наурыз 2020
Алматыда коронавирус жұққан екі адам анықталды
Алматыда тағы екі адамнан коронавирус табылды деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Шамамен бір сағат бұрын министрлік Нұр-Сұлтанда екі адамнан вирус табылғанын хабарлаған.
24 наурыз таңертеңгі дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 66 адамға жетті. Алматыда — 28 адам, Нұр-Сұлтанда — 34 адам, Қарағандыда — 2 адам, Алматы облысында — 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр.
Коронавирус жайлы соңғы ақпаратты оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.