Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:23, 23 Сәуір 2020

Алматыда коронавирустан алтыншы науқас қайтыс болды

None
None

23 сәуірде күндізгі сағат 11:30-да Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласында коронавирустан бір науқастың көз жұмғанын хабарлады.

Науқас 1964 жылы туған. Министрлік әзірге толық мәлімет айтқан жоқ.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 20 науқас қайтыс болған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың басым бөлігінде созылмалы аурулар болған.

Алматы қаласында алты адам вирустан қайтыс болған. Қалада вирус жұқтырғандар 735 адам болды. Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Қалада 19 наурыздан бері карантин жарияланған.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: