Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:21, 10 Сәуір 2020

Алматыда коронавирустан бір науқас көз жұмды

None
None

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 10 сәуірде таңертең Алматыда коронавирустан бір науқас көз жұмғанын хабарлады.

Науқас 1956 жылы туған. Министрлік әзірге толық ақпарат бермеді.

Қазақстанда барлығы 9 науқас көз жұмды. 9 сәуірде Павлодар облысында 1936 жылғы ер адам вирустан көз жұмған. Марқұм 2016 жылдан бері астма, өкпе ауруымен есепте тұрған.

Қазір Қазақстанда коронавирус жұққан 802 адам анықталған. Министрлік жұма күні таңертең 21 адамнан вирус табылғанын хабарлады.

60 адам дерттен айықты. Қызылорда облысында вирус жұқтырғандар жүзден асты.

Вирус жұқтырғандар мына аймақтарда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 226
  • Алматы қаласы – 122
  • Қызылорда облысы – 104
  • Ақмола облысы – 61
  • Қарағанды облысы – 61
  • Түркістан облысы – 34
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 10
  • Атырау облысы – 45
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6
  • Жамбыл облысы – 45
  • Шымкент қаласы – 31
  • Батыс Қазақстан облысы – 4
  • Қостанай облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 9
  • Павлодар облысы – 3

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: