Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:30, 26 Сәуір 2020

Алматыда коронавирустан бір науқас қайтыс болды

None
None

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 26 сәуір кешке жақын Алматыда 97 жастағы науқастың коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады.

Науқаста коронавирус бары 25 сәуірде анықталған. Терапияға қарамастан жағдайы нашарлай берген. Жексенбі күні таңертеңгі сағат 8:35-те жүрегі тоқтаған.

Ресми хабарламада науқастың қайтыс болуына "ми қан айналымының бұзылуы, сол жақ гемиплегия, ишемиялық кардиомиопатия, асқазан экстрасистолиясы, дизартрия, сол жақ пневмония, тыныс алу және жүрек қан тамырларының бұзылуы" себеп болғаны жазылған.

Алматыда 9 науқас қайтыс болған. Қалада 846 адамнан коронавирус табылған. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Қалада 19 наурыздан бері карантин жарияланған.

Қазақстанда барлығы 26 адам қайтыс болған. Вирус жұқтырғандар 2693 адамға жетті.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: