10:50, 24 Қазан 2022
Алматыда Республика күнінің құрметіне арналған автошеру өтті
лматыда Республика күнінің құрметіне арналған автошеру өтті, деп хабарлайды Жас Алаш қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Almaty Arena мұз сарайынан Halyk Arena мұз сарайына дейін қала көшелерімен мемлекеттік ту ілген автокөлік әуесқойлары клубының атынан 50-ден астам көлік жүріп өтті. Автокөлік легін қаланың жол-патрульдік полиция қызметкерлері алып жүрді.


Halyk Arena автотұрақ аймағында автофлешмоб ұйымдастырылды. ҚазКСР мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданған күні 25 қазанды білдіретін «25» саны көліктерге жапсырылды.