Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:55, 13 Сәуір 2020

Алматыда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 27 адамның бәрі медицина қызметкерлері

None
None

Соңғы тәулікте Алматы қаласында 27 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, барлығы медицина қызметкерлері.

Бұл ақпаратты Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйеніп, биліктің Қазақстандағы коронавирус жайлы мәліметтерін тарататын coronavirus2020.kz жариялады.

Ақпаратқа қарағанда, коронавирус жұқтырған дәрігерлердің 21-і әйел, 6-ы ер адам. Әйелдердің біреуі — жүкті. Екі адамның жағдайы полисегментті пневмонияға байланысты — ауыр, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық.

Коронавирус анықталған 20 қызметкер шұғыл медициналық көмек көрсетіп жатқан қалалық орталық клиникалық аурухана қызметкерлері. Тағы 7 адам балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істейді.

«Осы факті бойынша қазір эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық қалалық клиника ішінде эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді» дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

13 сәуірдегі ақпарат бойынша Алматыда коронавирус жұқтырғандар 172-ге жеткен. 49 адам сауығып, екі адам қайтыс болған.

Коронавирус жұқтырғандар Қазақстанда осыдан тура бір ай бұрын тіркелген, бүгінгі соңғы мәлімет бойынша 973 адамға жетті. 110 азамат дерттен жазылып, 12 адам қайтыс болды.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: