13:15, 19 Наурыз 2021
Алматыда тағы 22 мектепке мина қойылды деген хабарлама түсті
Алматыда тағы 22 мектепке «мина қойылды» деген хабарлама келіп түсті, — деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
«Бұл уақытта 34 жалпы білім беретін оқу орны осындай хабарлама алды», — деді полиция өкілдері.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әзірге 18 мектеп тексерілген. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.