15:18, 24 Наурыз 2020
Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылды
Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылды деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Министрлік таңертең Алматыда — 2 адам, Нұр-Сұлтанда — 2 адамнанкоронавирус табылғанын хабарлаған.
Осылайша Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 67 адамға жетті. Алматыда — 29 адам, Нұр-Сұлтанда — 34 адам, Қарағандыда — 2 адам, Алматы облысында — 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр.
Коронавирус жайлы соңғы ақпаратты оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.