Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:48, 07 Мамыр 2020

Алматыдағы неміс диверсанттарын жойған қазақ

          

«Смерш» офицері Жанысбек Құсманғалиев туралы не білеміз?

    Жанысбек Құсманғалиев 1911 жылы 13желтоқсанда Семей губерниясына қарайтын шағын ауылда қарапайым шаруаныңотбасында туған (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы).

1925 жылы ауылмектебін бітірген соң, Риддер кен байыту комбинаты жанындағы фабрикалық-зауытоқуына түсті. 1933 жылы Қызыл армия қатарына әскерге алынды. Оның тағдырына елеуліықпал еткен тұс – НКВД-ның ерекше бөліміне, дәлірек айтқанда 150-ші полкәскеріне, қызметке түскені. Бұл бөлімде көзге түскен солдаттар кейін саясиқызметкерлер курсына жіберілетін.

    Әскери борышын өтеп келгеннен кейінЖанысбек Құсманғалиев Қазақстан астанасына келіп, мәдениет саласында жұмысістей бастады: басында Қазақ драма театрының партиялық ұйымының хатшысы, сосынсол театрдың директоры болды. 1938 жылы ол Қазфилармония директоры болыптағайындалды. Бірақ оның маңдайына Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткеріболуды жазбаған екен. Ұлы Отан соғысы басталып, кеше ғана НКВД әскерінен келгенфилармонияның жас директоры дереу ерекше бөлімдердің із кесушілерін дайындауғаарналған Ташкенттегі арнайы курсқа жөнелтіледі. Курсты тәмамдаған соң, 105-шікавалериялық дивизияға жедел өкілетті қызметкер болып соғысқа аттанды. Соғысжылдары ерекше бөлім мен қарсы барлау – «Смерште»  түрлі қызметтер атқарады.

    Қызыл армияжаумен алысып жатқан 1941-42 жылдары КСРО-ның басып алынған  жерлерінен Алматыға күн сайын эшелондар келіпжатты, олар ондаған мың эвакуацияланған азаматтарды әкелді. Қазақ жерінекөшірілгендердің арасында сап-сау еркектер де бар еді. Олардың қолындаэпилепсия мен туберкулез,  басқа да нешетүрлі дертке шалдыққан деген қағазы бар болатын. Шыны-өтірігін араластырып, қанмайданға бармау үшін барын салған бұл пысықайлар енді қалайда «тамағы тоқ»қалаларға көшірілуін қалады. Сондай жайлы қалалардың бірі ол кезде Алматы еді.Осылайша қылмыс әлемінің жүздеген украин, белорус, молдовалық, мәскеулік «серкелері»мен ұрылары және алуан түрлі ұсақ-түйек қарақшылары арайлы Алматыға ағылыпкелген.

     Жау жағаға жармасқан 1944 жылы Қазақстандааш бөрідей қылмыскерлер күрт көбейіп, етектен тартып жатты. Бірақ қанмайдандағы кеңес әскерлерін қару-жарақпен, азық-түлікпен және басқа да соғысқақажетті заттармен қамтамасыз етуде ерекше жүк артылған Алматы, жалпы, тыл үшін,олардан гөрі Кеңес елінің тылына, оның ішінде Алматыда елдің берекесін қашырып,майданды керек-жарақпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермей, азық-түлік,қару-жарақ тиелген эшелондарды өртеп, Кеңес өкіметінің лауазымды қызметкерлерініңкөзін жойып, қару-жарақ, оқ-дәрі шығаратын зауыттарда жарылыстар ұйымдастыруүшін жіберілген неміс диверсанттары қауіптірек болатын. Тылда жасырынып, бейбітелдің берекесін қашырып, үрей туғызған осындай жауыздардың көзін жою үшінмайданның алғы шебінен Қазақстанға Жанысбек Құсманғалиев шақырылды. Соғыстанкеле салысымен, ол ҚазССР  НКВД-сыныңбандитизммен күрес бөлімінің аға тергеушісі болып тағайындалды.

    Алғы шептен алдырылған атпал азамат өзінежүктелген міндет пен зор сенім үдесінен шыға білді. Сөйтіп, өзімен бірге қан майданнаншақырылған үш әріптесімен бірге, ол екі-үш ай көлемінде Алматыға біраз жылбұрын келіп, осында жасырынып, ел ішіне сіңіп кеткен жаудың әккі агенттерінанықтап, көздерін жойып, олардың тарапынан атқарылған  зиянкес әрекеттерге тоқтау салды. Сөйтіп,Алматыда тыныштық орнап, еңбеккерлер алаңсыз жұмысын істеп, майдандыкерек-жарақпен қамтамасыз ете бастады.  

    Сол кезден бастап оның ендігі бар ғұмырымилицияға арналатыны анық еді. Бұл жұмыста Жанысбек Құсманғалиев ерекше көзгетүсті. Содан да болар, болашағы зор қызметкер деп, басшылар оны үкілеп КСРО ІІМЖоғарғы мектебіне жіберді. Оны бітіргеннен кейін Жанысбек бандитизммен күресбөлімінде тағы біраз жұмыс істеп, ҚазССР ІІМ арнайы инспекциясы бастығыныңорынбасары қызметіне ұсынылды. Одан кейін министрлікте түрлі қызметтер атқарды.1954 жылы ол Батыс Қазақстан облысының милиция бөлімшесіне бастық болады. Осылайша1960 жылы жаңадан қайта құрылған Алматы полициясына кімді бастық қыламыздегенде, Жанысбек Құсманғалиевтан артық ешкім жоқ деген шешім қабылданады.

   Тісқаққан тәжірибелі қызметкерлер үйренгенорнын ауыстырғысы келмеген соң, Құсманғалиев милиция мектебінің түлектеріарасынан мықты деген мамандарды іздеді. Ол Құрық Түгелбаев, Николай Куликов,Габдрахим Мендешев, Петр Вальков, Дмитрий Савченко және басқа да алғыркадрларды таба алды. Кейін бұлардың барлығы да қылмысқа қарсы күресте еренеңбек сіңіріп, еліміз  милициясындағыаңыз тұлғаларға айналды. Кеңес заманында Алматыдағы талай атышулы қылмыстардыңашылуы осы адамдардың есімдерімен байланысты.

   Ол заманда милиция қатарына ерікті халықжасақшылары  да белсене қатысатын. Тұрғындардыңқоғамдық өмірге деген құлшынысы жоғары болғаны сонша – қаладағы зауытжұмысшылары, түрлі кәсіпорын қызметкерлері, ақыр аяғы студенттерге дейін кешкіуақытта кезекшілікке шығатын. Еріктілер жасағы, комсомолдар жасағы деген,белсенділер кейде тіпті кәнігі бұзақылар мен қауіпті бандиттердің қолынанжарақат алып қалып жатса да, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде милицияға зоркөмек көрсететін. Мәселен, 1962 жылы Алматының тек бір ғана Совет ауданында 128халық жасағы болып, онда 10 124 адам мүшелікте тұрған. Сол жылы олар қоғамдықтәртіпті бұзған 1100 бұзақы мен 70 қылмыскерді ұстаған.

   «Вица» дейтін баукеспе Виктор Безруковтыңқарақшылықпен айналысатын бандиттік бригадасын комсомолдық ерікті ВладимирШляпников жетекшілік ететін жасақшылар  ұстады. Тінту кезінде қарақшы бұзақыларданқолдан жасалған тапанша, шағын калибрлі винтовка мен пышақтар табылды. Ал АлександрКожевниковтың еріктілер жасағындағы қыз-жігіттер күн сайын төбелес ұйымдастырып,мектептерге маза бермейтін бұзақылар тобын сабасына түсірген. Олар сыбайластарыөзара «Цыган» деген қарақшы Владимир Сундеев құрған қауіпті бандының да көзінқұртты.

   Мұндай дружиналардың қызметі ЖанысбекҚұсманғалиевтің тікелей бақылауында болатын. Кейін Валерий Садыков, ВасилийГрущак, Кеңес Бейсебаев және басқа да белсенділердің есімдері тарихта қалды.

   1962 жылы Қазақ КСР-інің ішкі істер министрлігіқайта құрылып, республиканың қоғамдық тәртіпті күзету министрлігі болып өзгерді.Алматы қалалық депутаттар кеңесі атқарушы комитетінің милиция басқармасы даенді Алматының қоғамдық тәртіпті күзету басқармасы болып өзгерді. Сол жылыҚазақстан Компартиясының орталық комитеті мен Қазақ КСР Министрлер кеңесі СоветОдағы Компартиясының орталық комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1962 жылдың17 қыркүйегіндегі «Советтік милицияның қызметін жетілдіру шаралары туралы»қаулысын қабылдады. Бұл құжатпен бірге советтік милицияның жаңа ережесібекітілді, совет милициясының күні болып 10 қараша бекітілді. Сол жылдарымемлекеттің басты назарының бірі қылмысқа қарсы күрестегі милиция жұмысынааударылған еді. Бұл туралы ҚазКСР Компартиясының 11-съезінде республика басшысыДінмұхамед Қонаев та айтқан-ды.

     Алматы милициясының бастығы қызметіндесегіз жыл бойы тынбай еңбек еткен Жанысбек Құсманғалиев кеудесіндегі орден менмедальдарын жарқыратып, үлкен абыроймен зейнет демалысына шықты. Соғысжылдарында Алматыға жасырынған әккі неміс агенттері мен диверсанттарының көзінжойып, бүкіл саналы ғұмырын туған елінің бейбіт өмірін қамтамасыз етуге арнағанЖанысбек Құсманғалиев 1991 жылғы 7 желтоқсанда дүниеден озды.

   Айдын ҚАЙНАРҰЛЫ

Тегтер: