14:48, 05 Қаңтар 2022
Алматыдағы қақтығыс: 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген,- деп хабарлайды «Жас Алаш».
Оның 150-і жедел жәрдем және 40-ы өз өтініші бойынша.
«40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шеккен адам реанимацияда жатыр. Олардың арасында 4-еуі – полиция қызметкері. Зардап шеккендердің арасында 137 полицей мен 53 азамат бар», – деп хабарлады Алматы ҚДСБ.
Бұған дейін жергілікті билік алматылықтарды серуендеуге шықпауды және қоғамдық орындарға бармауды сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында, Алматы қаласында және Алматы облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлықтарға қол қойды.