18:32, 13 Наурыз 2021
Алматыдағы ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспаАсөз қызметі ұшақ бортында болған төрт адам қаза тапқанын, екеуі зардап шеккенін мәлімдеді , — деп хабарлайды «Жас Алаш».
Зардап шеккен екі адам Алматы облысы Іле аудандық ауруханасына жеткізілген. Олардың жағдайы әлі белгісіз. Алматы әуежайына 10 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Өрт сөндірілген.
«Бүгін сағат 17.20 шамасында Алматы әуежайына қонуға бет алған кезде Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша келе жатқан Ан-26 әуе кемесімен байланыс үзілді. Бірден дабыл жарияланды, әуежайдың апат-құтқару қызметкерлері оқиға орнына шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, борт ұшу-қону жолағының ұшында апатқа ұшырады», — делінген Алматы әуежайының Facebook-тегі хабарламасында.