01:17, 16 Наурыз 2019
«Алтай» футбол академиясы: Ахметов жеңе ме, Головатюк жеңе ме?
Осыдан төрт жыл бұрын, 2015 жылдың қыркүйек айында Ахметовтің бастамасымен «Алтай» футбол академиясы құрылғанда Шығыс жұртшылығы қатты қуанған болатын.
Әсіресе, футбол академиясынан 500 бала дәріс алып, көп ұзамай қазақ футболының көсегесі көгеретініне де көпшіліктің күмәні болмаған. Сол кезде облыс әкімі Д. Ахметовтің «Біз ең алдымен балалар футболын дамытпай ешқашан биік белестерді бағындыра алмаймыз» дегенін де ешкім ұмыта қойған жоқ. Алайда, бес жыл өтпей жатып, биік белестерді бағындырмақ тұрмақ, өңірдегі балалар футболының бұдан ары қарайғы болашағы қалай болары жұртшылықты алаңдатып отыр. — Қазіргі уақытта академияда 500 бала мен жасөспірім жаттығып, жас ерекшеліктері бойынша 12 топ құрылған. Оларды халықаралық лицензиясы бар 20-дан астам жаттықтырушы баулиды. 50 талантты жас аудандардан келіп, интернатта тұрып, жаттығып жатқан. Командалардың кейінгі 3 жылдағы жетістіктері де жетерлік. Жуықта ғана «Арман» республикалық турнирінде финалға шықты. Біз бұл балаларды үйретіп, ересектердің құрамасына жіберуді жоспарлаған болатынбыз, — дейді «Алтай» ШҚ футбол академиясының директоры Жандос Қайырұлы. Испаниялық «Soxna» компаниясымен келісім негізінде құрылған «Алтай» ФА құрудың о бастағы мақсаты жас спортшылардан еуропалық деңгейдегі футболшылар резервін қалыптастыру болғандығын да айта кеткен жөн. Сол орайда Еуропалық футбол қауымдастығының жоғарғы халықаралық стандарты бойынша дәріс алып келгендер де бар.Осындай тамаша нәтижелерімен елдің үмітін ақтай бастаған академияның тығырыққа тірелуіне ШҚО мәслихатының хатшысы Владимир Головатюктің бастамасы себеп болыпты. Анығын айтқанда, жасөспірімдер командасына бөлінетін қаржы енді ересектер командасын нығайтуға бағытталмақ көрінеді.500 баланың ата-анасы осыған байланысты облыс әкімі Даниал Ахметовке арнайы хат жолдауға мәжбүр болды.Хаттағы мына бір үзіндіден ата-аналардың алаңдаушылығы бекер емес екенін ұғуға болады:«В ГУ управление спорта ВКО было направлено фиктивное протокольное поручение от 6 декабря 2018 г., которое поступило только 18 февраля 2019 г. Так как был составлен постфактум, для того чтобы помешать подписанию договора о государственных закупках, в котором наш организация был победителем. С этим же целям была направлена в ГУ «Управление спорта ВКО» проверка департаментом внутренного аудита ВКО.В данный момент, в связи с тем что договор до сих пор не подписан, мы волнуемся что председатель ОЮЛ «Восточно Казахстанская областная Ассоциация футбола» и Секретаря Восточно-Казахстанского маслихата — в одном лице – Головатюк Владимира Михайловича – через свои непосредственные должностные полномочия будет инициировать сокращение, либо полное снятие денег с детского футбола и будет и дальше лоббироват интересы взрослого футбола, в частности ТОО «Футбольной клуб «Алтай» ВКО» Ахметовке жолданғанына бір жеті өткен осы хатқа әлі күнге нақты жауап жоқ. Ол туралы баласы академияда оқып жатқан Серік Жаңбырбаев айтып берді. — Ұлым Хакімжан 5 жастан 11 жасқа дейін тынбай айналысқан акробатикасын тастап, өз ынтасымен осы академияға емтихан тапсырып, қабылданып еді. Бәр жарым жыл жаттығып, команданың негізігі ойыншыларының сапынан көрінгені де күні кеше ғана. Қаржыландырудың тоқтатылатынын естігелі бері бізде маза жоқ. «Алтай» футбол академиясының ересектер құрамасына ғана назар аударылатыны жайлы сыбыстың өзі бекер шықпаған түрі бар. Осы жағдайға байланысты мәслихат хатшысы Головатюкке ата-аналар барғанымен, қабылдауына кіре алмай қайтқанын естідім. Қазақ футболын әлемдік деңгейге қалай көтереміз деген сұрақ талай жылдан бері өткір мәселе болып тұрғанда, Головатюктің бұл ісін түсіне алмадық. Не себебін түсіндіріп айтар бір шенеунік жоқ. Облыстық әкімдіктен де шақырып, мән-жайды түсіндірер адам әлі табылар емес. Тамаша бастаманы жарты жолдан тоқтатсақ болашақ футбол жұлдыздарын бұғанасы бекімей жатып, жігерін жасытсақ не болғанымыз?! — дейді ол. Фото: vksport.kz