Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздегі алты облыс аумағындақолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
27 шілдеде Ақмола облысының кейжерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/сжетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Ертең Нұр-Сұлтандакүр күркіреп, найзағай жарқылдайды.
27 шілдеде түнде Маңғыстауоблысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады,күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз өңірдің оңтүстігінде 40градус қатты ыстық сақталады.
27 шілдеде күндіз Павлодароблысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын желдіңекпіні нөсер кезінде 18 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұмантүсуі мүмкін. Ертең күндіз Павлодар қаласында найзағай жарылдайды.Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы нөсер кезінде 18 м/с жетеді.
27 шілдеде Қостанай облысының кейжерлерінде найзағай ойнап, күндіз кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жаууыықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан желсоғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.
27 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кейжерлерде найзағай ойнап. Күн күркірейді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууымүмкін. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман түседі.
27 шілдеде күндіз Қызылорда облысындасолтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Өңірдеөте жоғары өрт қаупі сақталады.