Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:13, 30 Қараша 2020

Алты облыста жел соғып, бұрқасын болады

None
None

Қазақстанның алты облысында 30 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды,-деп хабарлайды «Жас Алаш».

 

Синоптиктердің бізге жіберген мәліметінше, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облысында ауа райы күрт бұзылады.

Атырау облысының кей жерінде жылдамдығы 15-20 секунд болатын жел оңтүстік-шығыстан соғуы мүмкін. 

Ақмола облысында тұман түсіп, бұрқасын болады. 

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, жаяқ бұрқасын болады деп болжанды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Таразда тұман түседі. 

Қызылорда облысында тұман түсіп, таңертең солтүстік-шығыстан және күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысында шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтауда да жел шығыстан соғады және секундына 15-18 метрг болады.

Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Тегтер: