Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:20, 16 Наурыз 2019

«Алтын адам» – Қазан қаласында

Татарстанның Қазан қаласы Қазақстан үшін де маңызды қалалардың бірі. Өйткені, қазақтың алғашқы ағартушыларының талайы осы қалада білім алған, қызмет еткен.
Бұл қала кезінде тек татарлардың ғана емес, көшпенділер қауымының да рухани астанасы саналған. Сол себепті де Ресей Федерациясына қарайтын Татарстан Республикасы мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстар тоқтап көрген емес.Екі ел арасындағы мәдени байланыстардың тағы бір дәлелі ретінде Қазан қаласындағы «Манеж» көрме залында ашылған «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі. Бұл көрме жай ғана көрме емес, Татарстандағы Қазақстан күндерінің ашылу салтанаты іспетті.Көрменің негізгі құндылығы – әлемге әйгілі «Алтын адам» ескерткіші. «Алтын адам» тек Қазан қаласы емес, одан ары әлемнің үздік көрмелерін аралап қайтады. Бұл туралы әлеуметтік желі арқылы Қазақстанның Қазандағы бас консулы Еркін Тұқымов хабарлады:«Қазақстан мен Татарстан мәдениет министрліктерінің қолдауымен «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруінің»  салтанатты ашылуы және Қазақстан киносының күндері өтті. Көп рахмет, құрметті Арыстанбек Мұхамедиұлы», — деді ол өзінің Faceebook парақшасында.Айта кету керек, «Алтын адам» көрмесі бір айға жуық келушілерге қызмет етеді де, 15-сәуірде жабылады. Сонымен қатар, мәдениет күндері аясында қазақстандық кино өнері де татарстандық көрермендерге ұсынылады. Қазаұстанның кино күндері аясында «Алтын тақ», «Әміре», «Оралман», «Талан», «Анаға апарар жол» фильмдері ұсынылады.«Қазан қаласын ХХ ғасырдың басында қазақ интеллигенциясы үшін білім мен қайраткерліктің маңызды қалаларының бірі болған. Сол себепті аталмыш қаланың «Қазақстанның мәдени мұралары» бағдарламасындағы маңызды нысандардың бірі болғандығы мені қуантады», — дейді Еркін Тұқымов.«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы бұдан бұрын басталып, осыған дейін Минск, мәскеу, Бакуғ Сиан, Гданьск, Сеул сияқты қалаларды аралап шыққан. Көрмеге қойылатын экспозицияда Қазақстанның символына айналып кеткен 1970-жылы Есік қорғанынан табылған «Алтын адам« ескерткіші ұсынылады. Келушілер «Алтын адаммен» бірге темір дәуіріне жататын 127 археологиялық қазбалармен таныса алады. Атаулы көрме Татарстаннан кейін Өзбекстан, Малайзия, Грузия, Италия, испания сияқты елдерде болып, әлемнің ірі-ірі мегаполистерінде қойылады.Фото: inform.kz
Тегтер: