Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:09, 28 Сәуір 2020

Алтын Орда империясындағы өркениет іздері

Өз уақытында әлемнің екі құрлығын емін-еркінбилеп-төстеген қыпшақ –қазақтардың Алтын Орда империясының және  басқа да  ұлттардың осы тектес  құрған бірлестіктерінен оның өзгешелігі,  сондай-ақ ауыз толтырып айтарлық артықшылығықандай, оны төрткіл дүние ғалымдары мен жылнамашылары және саяхатшылары қалайбағалаған әрі  осы ұлы империя туралыолардың кезінде жазған ой-пікірлеріне көңіл аударып, зер салып қарайық.

 

Заманында жарты ғаламға үстемдігін жүргізгенАлтын Орда қағанатының салдырған қалалары мен осы құрылымның білім, ғылымғажәне жоғары мәдениетке деген ұмтылысына,  таңдай қақтырар зергерлік шеберліктеріне айтарлықтай үлкен мән беріп, шынайы  қайран қалып әрі сол адамдар  осыған байланысты өздерінің ой-тұжырымдарынжазып қалдырған екен.

Алдымен дініміз мұсылман болған соң, арабелінің өкілінен бастайық. Ғылымға  кеңінен танымал белгілі саяхатшы Ибн-Баттутаөзінің жазбасында Берке ханның ордасында болып, оның тіктірген киіз үйінің ішінбылай сипаттапты: «В пятницу, послемолитвы, он садится в шатер, называемой золотой юртой, разукрашенной идиковинной. Он из деревянных прутьев, обтянутых золотыми листками. Посрединеего деревянный престол, обложенный серебрянными позолоченными листками; ножки его из чистого серебра, аверх его усыпан драгоценными камнями».

Осыған қарап Алтын Орда хандарының  әдемілікке құмар, безендіруге ерекше көңілбөлетінін және сол бір кездің өзінде-ақ  көшпелі елде заман талабына сай  жеткілікті мәдениеттің болғанын ап-анық аңғаруға  болады. Және сол уақыттың өзінде  АлтынОрда әдемі де ғажайып қалаларымен, өзгелерге үлгі-өнеге боларлықтай айтулы, сымбаттысарайларымен, түп-түзу әрі кең көшелерімен ерекшеленген және қызықтырған. Ибн-Баттута жазбасының тағы бір жерінде: «Город Сарайшик, один изкрасивейших городов, достигший чрезвычайной величины, на ровной земле, переполненныйлюдьми, красивыми базарами и широкими улицами. Однажды мы поехали верхом содним из старейшин его, намереваясь объехать его кругом и узнать объем его.Жили мы в одном конце его и выехали оттуда утром, а доехали до другого концаего только после полудня… и все сплошной ряд домов, где нет ни пустопорожнихмест, ни садов».

  Осы жазбаға үңіле  отырып кезіндегі Алтын Орда хандарының жәнеоның тұрғындарының  өздеріне ынғайлы етіпкөрікті де көркем қалалар тұрғыза алғанын, сондай-ақ тіршілігі қайнаған шулы дадуманды шаһарларда тұра алатынын білгендейміз. Ұлы қағанатта осындай саудасықызған, қолөнері дамыған жүздеген қалалар орын тепкен. Осы автордыңжылнамасында мынадай жолдар кездеседі: «Ордынскиеханы вывозили из Средней Азии, Ирана, Египта а также Византии ученых,астрономов, богословов и поэтов».  Осығанқарап біздің ата-бабаларымыздың ешқандай да жабайы «варвар»  емесін, қайта мәдениетке, ғылымға жәнеөнерге  әр уақытта жақын әрі таным-дүниесініңкең, ой-өрісінің терең екенін ұққандаймыз.

 Қыпшақ – қазақтар  құрған осы империяда әлемдегі ең алғашқы салықтөлеу заңы қалыптасқан. Қағанат құжаттарында,нақтырақ айтсақ жарлықтарында, мынадай жазылған сөздердікездестіреміз: «Отнынеи впредь венецианские купцы, приезжающие к нам на кораблях и совершающиеторговые сделки в наших городах, пусть платят в нашу казну торговый налог вразмере трех процентов; если купля-продажане производится, пусть никто не требует с них торгового налога. Также у насисстари не брали торговый налог с торговли драгоценными камнями, жемчугом,золотом, серебром, золотой канителью;иныне пусть не берут». Бұл жарлықтың мән-мағынасынан ұққанымыз, сол уақыттарда қыпшақ – қазақтардың қаншалықты өркениетке жақындығын және  қазіргі демократияның алғашқы қадамы осыимпериядан бастау алғанын аңғарғандаймыз.

  Мен қаншама жыл ерте және орта ғасырәдебиеті мен жазбаларын, құжаттарын оқып, зерттеп қараған кездерімде қазіргізаманның талаптарына сәйкес келетін,  солкездердегі  түрлі құрылым-бірлестіктерденкездестірген емеспін. Тіпті мыңжылдық Рим империясы мен  сол кәрі құрлықтың  ордендерінде де мынадай көрегендікті, зиялылықты байқамадым. Осыларды жазып жәнемысал ретінде келтіре отырып, тағы бір мақтанышпен айтарымыз, Күннің Жер шарынайналатынын сол Алтын Орда хандары мен бектері, тіпті тұрғындары да ерте кезденбілген екен. Мысал ретінде келтіре кетейік: осы даңқты қағанаттың сарай ақыныСарықұл-Сарайдың  (1321-96)  өлең жолдарында мынадай тармақтар кездеседі: «Узнала любви притяженье душа, Землейвокруг Солнца круженье верша».  Ұққанымыз, сол кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыздыңКүннің Жер шарын  айналатынын  әлдеқашан білгенін түсінеміз және олар үшінбұл ешқандай жаңалық болмаған. Коперник  болса осыдан  бір жарым ғасырдан кейін ғана Күннің жердіайналатынын ашқан болатын.

   Сонымен қатар аты аталған Алтын Ордақағанатында әйел затына зор құрметпен қарап, олардың алатын орны ерекшеескеріліп әрі мәртебесі жоғары  болғанынкөреміз. Бұған дәлел ретінде әлемнің әр түкпірінен келіп, осы алып құрылымда біразуақыт тұрған және болып кеткен өзге елдің атақты саяхатшылары менжылнамашыларының жазып қалдырған еңбектерінен көруге болады. Мысалы, атақты ПланоКарпини былай деп жазыпты: «Девушкии женщины ездятверхом и несутся вскачь так ловко, как и мужчины. Мы даже видели, как они неслисьсо стрелами и колчаном… Женщины выполняют все работы: шьют шубы, одежду, обувьи все, что делается из кожи; они ведут телеги, чинят их, нагружают верблюдов иделают все быстро и ловко». Тағы бір итальяндық Рикольди дель Монтекроче (1291ж.) өзінің жазбасында: «Кипчаки относятся с большимуважением ко всем женщинам в мире, но особенно к своим. Именно женщинызанимаются общественными и домашними делами, они же покупают и продают. Женщиныгорды и воинственны. Они ездят верхом, как мужчины, и я их видел частовъезжающими в города, как мужчины, с луком и стрелами. Они очень верны своиммужьям», деп келтірген екен. Сондай-ақ ордада біраз уақыт болғанараб ғалымы Ибн-Баттутаның жұмыстарында мынадай жолдар бар: «Ябыл свидетелем в этой стране одной удивительной вещи – уважения, которымпользуются женщины: они имеют действительно более высокий ранг, чем ранг,занимаемый мужчинами…. Часто жену сопровождает ее муж, которого многиепринимают за одного из ее слуг».  Осыжолдарды оқи  отырып кезіндегі қыпшақ– қазақтардың отбасында және оларқұрған қағанат-хандықтарындаәйел баласының қандай сыйласымдыққа, құрметке ие екенін анық байқаймыз.

   Біздің тағы бір ерекше қайран қалғанымыз,сол бір уақыттың өзінде-ақ Алтын Орда тұрғындары от жағу кезінде қазіргі біздіңкөмірді қолданған екен. Әйгілі Марко Полоның кітабын оқып отырып мынадайжолдарды кездестірдік: «Правда, что вовсей провинции Золотой Орды есть способ применения черных камней: эти камни добывают в горах, и онигорят, испуская пламя, как поленья: они сгорают полностью, как древесный уголь.Они долго горят, и готовить на них легче, чем на древесине… потому что онилучше и стоят меньше, чем древесина, которую таким образом экономят». Көрдіңіз бе, сол кездегі қыпшақ елі көмірдің отын екенінбіліп және оны іздеп тауып, тұрмыс-тіршілігіне күнделікті пайдаланған. Осы жазылған нақтыдеректерге қарап, бұдан мың жылға таяу кезеңдердің өзінде де  Ұлы даланың  ел-жұрты кәрі құрлық мақтанатын өркениеттенқұр алақан емесін көреміз.

   Д.Уэзерфордтың «Чингис-хани рождение современного мира» деген кітабында Алтын Орда жайында мынадай жолдар бар: «В Золотой Орде, кстати, никакихмонголов нет. Нет, хоть ты тресни. Куда ни глянь – повсюду кипчаки, кипчаки и ещераз кипчаки.  Если монголы смоглибуквально в течение пары десятков лет без следа «раствориться» в кипчакскомморе, значит, они и с самого начала не играли всобытиях особой роли – вполневозможно, что огромное войско Чингис-хана мимоходом подхватило в своиряды и какое-то небольшое монгольское племя – но не более того…»

   Осы кітаптан біз үшін қайран қаларлық  тағы бір тармақтарды  оқуға болады:  «Чингис-хан» и «Темуджин» –совершенно не монгольские имена, а тюрко-кипчакские. Народные казахские эпосы «Алпамысбатыр», «Кобланды батыр», «ЕрТаргын» и другие, что называется… вупор не видят никакой такой «великой монгольской империи». Согласно этимэпосам, у средневековых кипчаков было только два серьезных противника, скоторыми они постоянно боролись: это китайцы и кочевые племена калмыков, какраз и обитавших тогда в районе современной Монголии.Современные монголы –это лесные населения,   появившиеся на этой земле только нескольковеков спустя», – дейді. Көрдіңізбе,  олар анық-қанығын зерттеп қалайжазған! 

   Ал біздің ой-түсінігімізді ескі кеңес жүйесіқалыптастырды. Содан әлі арыла алмай келеміз. Әлем жазушылары мен ғалымдарыныңшығармаларын оқи отырып түсінгеніміз, Шыңғыс ханның ешқандай моңғол емес,(қазақы сөзбен айтқанда, оларға «үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын»аңғарғандаймыз)  тек түркі-қыпшақтарданшыққанын,  сонымен қатар кезіндегі АлтынОрда империясының соғыс ашып, өз аумағын кеңейтумен  қоса, заман көшінен қалмай, ғылым мен білімдіжәне өнер мен мәдениетті тең  алып жүргенінанық байқағандаймыз.

Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК,

 Журналистеродағының мүшесі

Тегтер: