Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:00, 13 Ақпан 2020

Алтынбектің орны ойсырап тұр

Кез келген елдің тарихында «осы оқиғаға дейін және оданкейін» дейтін кезең болады.

Қазақстанның соңғы 30 жылғы тарихын «Алтынбек Сәрсенбайұлынақастандыққа дейін және одан кейінгі кезең» деп бөлуге болар еді.

Алтынбеккедейін бұл билік Заманбек Нұрқаділовқа «үш рет оқ атқызғаны» рас. Алматының экс-әкімініңөлімін билік «өз-өзін өлтірді» деп, шындықты жасыруға тырысты. Негізгі ресми қорытындыда солай. Бірақ Алтынбектің өлімі өзгеше сипатта болды. Оның өзін ғана емес, көмекшісіБауыржан Байбосынды және жүргізушісі Василий Журавлевті бірге атты. Тапа тал түсте.Ешбір шімірікпестен, ешкімнен қорықпай көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінөлтіріп кетті. Және бұл қылмысты көшедегі баскесерлер жасаған жоқ. Алтынбек пеноның көмекшілерін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» арнайы жасағыныңжауынгерлері өлтірді. Бұл фактілердің өзі Алтынбек Сәрсенбайұлы өлімін мемлекеттарапынан жасалған «саяси террор» деп бағалауға толық мүмкіндік береді.

Бүгін, 11 ақпан күні, Алтекеңнің қандықол жендеттердің қолынанқаза тапқанына 14 жыл толды. Егер тірі болғанда, биыл небәрі 58 жасқа толареді. Сенімдімін, егер қазақ халқы Алтынбегінен айырылып қалмағанда, осы 14жылдың ішінде елдегі жағдай басқаша болар ма еді. Кемінде елдегі ең мықтыоппозициялық күштің ұйытқысы болып, жұмысын жүргізер еді. Ал дәл сондай күш қазіргіжағдайда ауадай қажет. Әсіресе Назарбаев де-юре қызметінен кетіп, халықтыңашу-ызасы қайнап, авторитарлы биліктен қалың жұртшылық ығыр болған тұста. Өткенпрезидент сайлауын алыңыз. Сол додаға, аман болғанда, әрине, оппозицияның бастыүміткері ретінде Алтынбек Сәрсенбайұлы түсер еді. Алтекең тірі болғанда, Қосановсияқты сайқымазақ саясаткерлердің сайлауға түсуі тіпті мүмкін болмас еді. Алсол сайлауда Назарбаевтың «қуыршағы» іспеттес болып отырған Тоқаев жеңе ме, әлдеҚазақстанды қалай дамыту керегін білетін, терең ойлы, білімді, демократАлтынбек Сәрсенбайұлы алда келер ме еді? Әрине, халықтың ықыласына бөленгенАлтекең. 58 жастағы тұлға бүгіндері нағыз ұлт көшбасшысы болар еді.

Әрине, өз-өзімізді жегідей жеп, бордай тоздыру мақсатемес. Бірақ 2006 жылы 11 ақпан қасіретін болдырмағанымызда, онда Жаңаөзен қырғыныда болмас па еді, кім білсін?!  Себебібилік Алтынбектей арысын қорғай алмаған халыққа тағы да күш көрсетуге боладыдеп шешті. Артынша бейбіт мұнайшыларға оқ жаудырып, азаматтарды қырып салды. Тағыда қан төкті. Бұл жолы оқ атқан ҰҚК емес, полиция қызметкерлері еді. Оқ атып қанақоймай, жараланып, жерге құлағандарын шоқпармен сабап, тепкінің астына алды.Тірі қалған қанша мұнайшыны тергеушілер мен оперативті қызметкерлер азаптады, ұрды,соқты. Сенбесеңіз, азапқа түскен мұнайшы Роза Төлетаеваның айтқанын оқыңыз.Тепкінің кесірінен денсаулығынан айырылып, түрмеден шыққан соң қайтыс болған мұнайшыМақсат Досмағамбетовтің тағдырын қараңыз. Мұндай жауыздықты жаудың әскері декейде жасамайды. Ал мыналар өз халқына өздері көресіні көрсетті.

Бірақ Алтынбекті өлтіргенімен, оның идеясын өлтіре алғанжоқ. Алтекеңнің идеясы – әділдік, бостандық және демократия қазір жаңадан қарқыналуда. Оның көзі тірісінде айтқаны мен жазғаны әлі күнге дейін өзекті. Мысалы,мына айтқандарына зер салыңыз: «Тәуелсiздiк жағда­йындағана ұлттық идеялар мен мүдделерiмiздi жүзеге асыруға толық мүмкiндiк алдық. Алендi екiншi мәселе ретiнде айтатын болсақ, ол бiздiң ұлттық мүддемiздiң бiреуi– iшiмiзде отырған басқа ұлт өкiлдерiмен денi дұрыс бәсекелес бола алуы­мыз,олардан кейiн қалмауымыз. Ол үшiн не iстеуi­мiз керек? Ол үшiн бүгiнгi қазақхалқының алдында тұрған ұлттық идеяның, ұлттық мүдденiң бiреуi – ол қазақ халқынқалаларға шоғырландыру. Халқымыздың 60 пайыздан астамы ауылда отырғанда бiзiшiмiздегi халықпен, сыртымыздағы халықпен, дүниежүзiмен бәсекелес бола аламыз,алға қарай жүре аламыз, бүгiнгi мына ғаламдастықтың қойып отырған сұрақтарынажауап берiп, жаңа технологияға ұлтымызды жақындастыра аламыз дегенге мен сен­беймiн.Мемлекетке, бүгiнгi үкiметке күш сала отырып, әртүрлi мүмкiн­шiлiк­терiмiздiпайдаланып, бiздiң ұлтты қала тұрғыны жасап, сол арқылы оны бүгiнгi жаңатехнологиялар­ға iлiндiрiп, сол арқылы оны алдымен Қазақстан iшiндегi басқа,бiзден өнер­кәсiптiк шеберлiгi дамыған ұлттың алдына оздырып, көршi аймақтағыелдердiң алдына шығарып, сол арқылы ертең ғаламдық немiстен, голландықтан,американдықтан, шведтен кем түс­пейтiн кәсiпкер жасайық». Салиқалы саясаткердіңойы. Өз ұлтының қамын жоғары қоятын, ешкімге бас идіргісі келмейтін тұлғаныңпікірі.

Кешегі Қордайда болған жағдайды алайық. Неденболды бұл? Әрине, оның сылтауы жетерлік. Бірақ басты себебі неде? Әлеуметтік теңсіздіктен.Ауылда отырған қаймана қазақ айналасында не болып жатқанын көріп отыр. Билігі –жемқор, күштік құрылымдары – өктемшіл. Жұмыс жоқ, алға басу жоқ, отбасы қиын жағдайда.Ашынған кезде адам не істемейді? Ат төбеліндей топ миллиардтап байлықты ұрлапжатқанын көруде. Ал өздеріне тиын-тебен әрең бұйырып отыр. Көпбалалы аналар 21мың теңгесіне зар болуда. Әлеуметтік жарылыс болмағанда, қайтсін? Алтекең соныдөп басып айтып отыр. Ұлттық идея деген даңғаза жобалар мен миллиардтаған ақшанықұмға сіңген судай қылған ЭКСПО-лар емес. Ұлттық идея – білім мен ғылым, жаңатехнологиялар, даму. Ал ол қайда бар? Қалада, әрине. Қазақ тілінің мәселесін қалайшешеміз деп 30 жыл жүрдік. Алтекең оның шешімін бір мақаласында айтып отыр. Қазақбілімді, ғылымға жақын, жаңа технологияларды меңгерген, бәсекеге қабілетті ұлтболса, оның тілінде кім сөйлемейді? Бәрі сөйлейді! Кешегі Қордайдағы дүнгеніңде үйренеді, солтүстіктегі орыстар да судай сөйлейді. Себебі қазақ тіліне қажеттіліктуындайды. Қазақ қалаға көшіп, білім мен ғылымды меңгерсе, қазақ тілітехнологияның, кәсіпкерліктің тіліне айналады. Ал ол тілде кім сөйлемейді?Мемлекет басшысынан бастап, қатардағы саудагерге дейін үйренеді. Бұл қоғамдық өмірдіңзаңдылығы. Бұл сөзінде Қазақстанда демократияны қалай орнатамыз дегенге дежауап дайын. Неге десеңіз, ғылымды меңгерген, технологияны үйренген, кәсібібар, табысы жоғары адам авторитарлы жүйеге, әділетсіздікке төзбейді. Орта таптыңпайыздық үлес салмағы өскен сайын демократиялық процестер жылдамырақ жүреді.Алтекең мұны да қоғамға айтып отыр.

Тағы бір сөзінде А.Сәрсенбайұлы былай дейді:«Ал енді таққа мұрагерлікке келсек, егер «таққа мұрагерлік» басқарудың еңтиімді жолы болатын болса, дүниежүзі елдерінің монархиядан бас тартып не әуресібар? Ол заман әлдеқашан келмеске кеткен. Билік саяси көзқарастардың тартысынантуындауы керек. Және билік басына кім келсе де, сол адам жетекшілік ететінсаяси партияның көзқарасы үстем болуы керек, билік соның негізінде құралуыкерек. Сонда ғана билік тұрақты болады. Сонда ғана билік пен халықтың қарым-қатынасыдұрыс болады. Ал егер кез келген бір билікті кез келген жолмен билік басына әкеліп,қондырғы құсатып қоя салсақ, ондай билік қанша жерден мықты болса да, орнықтыбола алмайды. Өйткені  оның халыққа қатысы жоқ, халықтың оған қатысы жоқ.Бұл жағдай, түптеп келгенде, мемлекеттің болашағына кері әсер етуі мүмкін».Алтекең мұны сонау 2000 жылдардың басында емес, күні қазір айтып тұрғандай.Назарбаев пен Тоқаевқа қаратып, «бұл жасап отырғандарың тиімді болмайды, халықоған сенбейді» деп тұрғандай. Расында да, қазіргі Тоқаевқа қараңыз. Саясиерік-жігерінің, табандылығының көрінбей тұрғанын айтпағанның өзінде, қоғамда дақолдауы аз екені көрініп тұр.

Президенттік билікке келіп, де-юре мемлекетбасшысы болғанымен, бірде-бір күрделі реформаны жүзеге асыра алмады. Биліккекеліп, үйдей уәдені бергенімен, бірде-бір өзгеріс болған жоқ. «Саяси партиялартуралы» заң өзгеріссіз. Тоқаев президент болғалы бір жаңа партия тіркелді ме?Жоқ. «Сайлау туралы» заң мүлдем қозғалмайды. Бейбіт жиындарға рұқсат беру түгіл,қазір заң одан да қаталданып жатыр. Саяси тұтқындар әлі де абақтыда отыр.Алтекеңше айтқанда, Тоқаев «қондырғы құсап отыр». Бірақ халықтың мүддесінде,халықта шаруасы жоқ. Себебі бар билік сол бұрынғы басшысының қолында. Ал бірақмұның арты жақсылыққа апармайтыны түсінікті. Себебі халық мемлекеттік органдарғасенбейді. Биліктің айтқанына нанбайды. Оның уәдесінде тұрмайтынын, ұлттық мүдденіойламайтынын біледі. Ал биліктің қадірі кеткенде, мемлекеттік органдарға дегенсенім жоғалғанда, арты жақсылыққа апармайтыны түсінікті.

Тағы да сол Қордайды алайық. Құртақандай елдімекенде болған қақтығысты бүкіл мемлекеттік органдар жабылып жүріп әрең басты.Ал ғайыптан тайып ондай жағдай үлкен қалада болғанда ше? Мемлекетке қатер төнбеспе еді? Былайша айтқанда, Қордайдағы жағдай «қондырғы құсап отырған» биліктіңтікелей қателігі. Неге бұл қақтығыстың алдын алмады? Неге алдын ала сол жерде тұратынхалықтың ой-пікірін зерттемеген? Полицияға қол көтеретіндей, оған бағынбайтындайесіртіп жіберген кім? Алтынбек біліп айтқан, артында қолдаушысы жоқ, халқы жоқбиліктің ертеңі де болмайды. Сол үшін билікке бір адамның қалауымен ешкімкелмеуі керек. Билікке миллиондаған халықтың қалауымен, қалың көпшіліктің қолдауыменкелуі керек кім болса да. Сонда оған сенім болады. Ал қазіргідей билікке қандайсенім болуы мүмкін?

Тағы бір сөзінде Алтекең былай деді: «Өзеркiмен кету демекшi. Халықтың бiр адамнан шаршайтынын ескермеуге болмайды.Бiртектiлiктiң бiрың­ғайлыққа ауысқанынан жерисiң. Бiр адамның билей бергенiхалықты қажытады. Жемқорлық пен жалғандыққа белшесiнен батқан оның айналасы жирендiредi.Халық үлкендi-кiшiлi шенеунiктердiң күнделiктi озбырлығын қолдай ма?» Осы сөзтікелей Назарбаевқа айтылып тұрғандай. Бірақ өзінің саяси қарсыласының пікірінеелбасы, әрине, құлақ аспайды. Билікті қолымда ұстап тұрмын, уысымнан шығармаймындеп отырар, бәлкім. Бірақ олай болмайды. Оны Алтекең түсінетін адамға тайға таңбабасқандай етіп айтты.

Үштаған туралы айтқанын қалай ұмытасыз?«Бiздiң өзiмiздiң үштағанымыз бар.Үштаған – ошақтың үш бұты сияқты, қазiргi режимнiң тiректерi. Бiрақ әрқайсысы өзойына келгенiн iстеуде. Өздерiнiң дүниетанымдарына қарай. Өздерiнiң мәдени өресiне,халыққа деген көзқарастарына орай. Қоғамға, елге қарым-қатынасына қарай. Қазақстанныңқандай болатынын көргiсi келетiндiгiне қарай. Мәселен, 10, 20 жылдан кейiн.

Отбасының билеп-төстей бергiсi келедi...

Бүгiнде Назарбаев балалары мен әулетiнiң бизнеспенайналыспайтынын дабырайта айтып қояды. Солай-ақ болсын. Бұған өзiмiздi күштеп сендiруге тырысайық.Дариға депутаттық айлығымен күн көредi делiк… Айталық, әрбiр азамат ұлттықтелеарнаны қарағанда Дариғаны ойламасын. Ал автокөлiк иелерi қымбат бағалы бензиндi құйғызып жат­қанда олардың иесiнiң тағы бiр күйеубала екендiгiн есiне түсiрмесiн. Қош делiк. Егер олардың ешқайсысыбизнеспен айналыспайтын болса, онда бiр отбасында  төрт саяси партияныңболуын сiз немен түсiндiрер едiңiз?» – деп, орын-орнына қойып берген еді Алтекең.Сол «Үштаған» әлі күнге дейін билік төрінде отыр. Ал А.Сәрсенбайұлы марқұмболды.

Он төрт жыл өтсе де, Алтекең мен оныңсеріктерінің қазасы ашылмай келеді. Тіпті заңдық жағынан президент ауысса да,жабулы қазан жабулы күйінде қалуда. Бұл шындықты жасырып, жауып отыруғаболмайды. Алтынбек Сәрсенбайұлы өлімін зерттейтін арнайы комиссия құрылуы тиіс.Тоқаевтан соны талап етіп, шарт қою – қоғамның міндеті. Егер шартты орындамаса,онда тарихта халық талабын орындай алмаған қауқарсыз басшы болып қалады. Қазірдіңөзінде анық, бұл қылмысқа тікелей қазіргі саяси билік жүйесі кінәлі.

Осы орайда, Еуропаның соңғы диктаторы атанғанЛукашенко билігіне қатысты мәселені қозғайық. 2019 жылдың қыркүйек айында «ДойтчеВелле» редакциясына Юрий Гаравский (Белоруссияның арнаулы күштерініңэкс-офицері) келеді. Оның айтуынша, 1999-2000 жылдары ол Лукашенко билігінің қарсыластарынөлтіруге тікелей қатысқан. Жоғары биліктен түскен тапсырмаға сәйкес, ол елдің бұрынғыішкі істер министрі Захаренконы, орталық сайлау комиссиясының экс-төрағасыГончарды және оппозицияға қаржылай қолдау білдірген кәсіпкер Красовскийдітапсырыспен өлтірген. Ол Белоруссияның экс-ішкі істер министрі Захаренконы өлтірместенбұрын, бір жарым апта бойы аңдығанын, оны алдымен ұстауға, кейін атуға өзініңкомандирі Павличенконың тапсырыс бергенін ашық айтады. Артынша сол Павличенконыңүстінен қозғалған қылмыстық іс құжаттарын Белоруссия мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлеріқолдарына беріп, оны өртегенін де журналистерге баяндайды. Түптеп келгенде,белорус оппозиция жетекшілерінің өліміне күштік құрылымдардың басшылары тікелейқатысты деген сөз. Ал олардың бұл қылмысты ел президенті Александр Лукашенконыңрұқсатынсыз жасауы мүмкін бе? Жоқ, әрине!

Ал енді Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасынаоралайық. Жоғарыда айтқанымыздай, бұған ҰҚК арнайы жасағының жауынгерлерітікелей қатысты. Тура Белоруссиядағы сценарий қайталанып тұр. Сенаттың бұрынғыаппаратының жетекшісі Өтембаев тапсырыс беруші ретінде сотталды. Кейін Алтекеңдіатқан Рүстем Ибрагимов «тапсырыс беруші – Рахат Әлиев» деп куәгерлігін өзгерткенсоң, Өтембаев босап шықты. Сараптайтын болсақ, тапсырыс берушілер де,орындаушылар да мемлекеттік қызметкерлер. Сонда осының бәрі елдің сол кездегіпрезиденті Назарбаевтың назарынан тыс қалуы мүмкін бе? Көрнекті мемлекет және қоғамқайраткерін, танымал оппозициялық саясаткерді, партияның теңтөрағасын ҰҚКсарбаздары өлтіріп жатқанын Қазақстан басшылығы қалай көрмей қалды? Міне,зерттейтін, зерделейтін нәрсе жетерлік. Бір анығы – бұл қылмысқа саяси жүйебасшылығы тікелей жауапты.

Неге өлтірді деген сұрақ та туындайды. СебебіАлтынбектің саяси потенциалынан, білімінен, ақылының тереңдігінен және болашақтаұлт көшбасшысы болу мүмкіндігінен қорықты. Өткен ғасырда Сталин қазақ халқыныңлидерлерін қынадай қырды. Тәуелсіздік жылдарында дәл сол саясат жалғасын тапты.Халықтың көшбасшысы бола алатын Алтынбек Сәрсенбайұлын сол үшін өлтірді.Алтынбектің орны әлі күнге дейін ойсырап тұр. Сондықтан 2006 жылы жасалған қылмысАлтекеңнің отбасы мен әулетіне ғана емес, бүкіл қазақ халқына қарсы жасалған қылмысболды. Уақыты келер, 11 ақпан тәуелсіздік жылдарындағы Саяси террор құрбандарынеске алу күні болатыны анық.

Қазіргі елдегі жағдайды зерттейтін, әсіресе ұлттықсаясатты, қоғамдық қатынастарды, көршілермен, әсіресе Қытай мен Ресей сияқтыалпауыт елдермен байланысты зерделейтін, сараптайтын тәуелсіз институт ауадай қажет.Осы орайда, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы Саяси зерттеулер институтын құру қажеттігітуралы идея туындайды. Яғни мұндай институттың құрылуы оның саяси мұрасын жалғастырудыңбірден-бір жолы екені анық.

Автор: Жанболат Мамай, саясаткер.

Фото: Азаттық радиосы.

Тегтер: