Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:41, 02 Желтоқсан 2022

Америкада «Сергек» жоқ

None
None

Билігінің беті халқына, әр адамына қарайтын елдер бар. Оларда халықты тырп еткізбеу пиғылымен ойлап табылған Қытайдың «Сергек» сияқты сұмырай жүйелері жоқ.

Америка сияқты озық елдерде біреудің жүрісін аңдитын, көшедегі адамның түрін танитын техникалық дүниелерге заңмен тыйым салынған. Ондай пәле тіпті «азаматтардың жеке өміріне қол сұғу» деп бағаланады. Қазақтың түсіне де кірмейтін еркіндік...

Америкаға көшіп кеткен бір қазақстандық блогер айтқандай, жалпы, Американың кейбір штаттарында ғана бірен-саран көшеде қарапайым камералар орнатылған. Алда-жалда бағдаршамның қызыл шамын елемей өтіп кеткендер болса, соны тіркеу үшін ғана.

Ал енді Қазақстанды «Сергек» камералары жалмап жатыр. Әкімдіктер қып-қызыл ақшаға Қытайдан тасып әкеп жатыр. Семейдің көшелеріне де жетіпті бұл сұмырай камералар. Бала-шағасын асырауға ақшасы онсыз да жетпей жүрген қазақтарды айыппұлмен тонап жатыр, ертең «әділетті Қазақстан» боп кетуі мүмкін делінетін біздің мемлекетіміз.

Қазақстанда тәртіп орнату дегенді көшедегі қазақтарды айыппұлмен шырылдату деп қана түсінетінін-ай, қазақ билігінің. Әділетті Қазақстан осылай басталса, білмейміз, мұның арты неге әкелетінін...

Тегтер: