Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:40, 13 Шілде 2020

Amnesty International: Ондаған елде билік дәрігерлерді қорғаныш құралымен қамтамасыз етпей отыр

None
None

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирусы өршіп отырған елдердің билігін денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін қажетті қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге үндеді.

Ұйым 13 шілде күні жариялаған мәлімдемесінде өзі зерттеу жүргізген 63 мемлекет пен аймақтардың түгелге дерлігінде денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне қорғаныш құралдары жетіспей жатқанын айтқан.

Amnesty International ұйымы өз есебіндегі медицина мен адам өмірін қамтамасыз ететін өзге де маңызды салаларда еңбек етіп жүрген адамдардың басындағы қиындыққа байланысты алаңдап отырғанын мәлімдеген. Ұйым есебінде үкіметтің ол адамдарды тиісті деңгейде қорғауға дәрменсіз болып отыр деп жазған. Құжатта қорғаныш құралдарының жетіспеуі, сауда шектеулері коронавирус індеті кезінде жағдайды одан сайын қиындатып отырғаны, кей кездері дәрігерлердің қажет құралдарды өз ақшасына сатып алуға мәжбүр болғаны айтылған.

Ұйымның есебі бойынша, 79 елде COVID-19 коронавирусынан үш мыңнан астам медицина қызметкері қайтыс болған. Дәрігерлер көп өлген елдер арасында Ресей (545), Ұлыбритания (540), АҚШ (507) пен Бразилия (351) бар. Штаб пәтері Лондонда орналасқан құқық қорғаушы ұйым үкімет қорған бола алмаған қызметкерлердің өліміне жауапты болуы тиіс деп мәлімдеді.

Тегтер: