Антикор Алматыда дәстүрлі «кәсіпкерлер күнін» өткізді
Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасымен нарықтардағы сауда саласындағы кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ӨКП және бизнес-қоғамдастық басшылары қатысты.
Кәсіпкерлер жалдау ақысы, салық және кедендік сипаттағы, сондай-ақ жер қатынастары мәселелерін көтерді.
Кездесу барысында 40-тан астам кәсіпкер кеңес алды.
«Бүгінде біз 19 кейстін шешімін тауып, 8000-нан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғадық. Алматыда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басым бөлігі шоғырланғанын ескере отырып, оларды бизнеске араласудың кез келген фактілері туралы хабарлауға шақырғым келеді», — деп Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысы Қанат Салимбаев атап өтті.
Кәсіпкерлердің барлық келіп түскен сұрақтары бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер беріліп, бірқатар нақты өтініштер бақылауға алынды.