Ақкент шағын ауданындағы өрттен зардап шеккендер қайда хабарласа алады?
Алматыдағы «Ақкент» шағын ауданына өрт шықты. Алматы денсаулық басқармасының мәліметінше жалпы 43 адам зардап шеккен, бір әйел алған жарақаттарынан қаза тапты.
Ақкент шағынауданындағы № 54 көпқабатты үйде болған өртке байланысты мынадай шаралар қабылданып жатыр.
Аудан әкімі А. Қалдыбековтың төрағалығымен № 54 үйдің алдында жедел штаб құрылды, оған ТЖД, ПБ, прокуратура, ҰҚК, әкімдік, РМО, РҚБ өкілдері кіреді;
— Жедел штабтың тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылды;
— Полиция басқармасы зардап шеккен азаматтардың мүлкінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жерде полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырды;
— Зардап шеккен тұрғындар үшін тамақтану және түнеу ұйымдастырылды (178 лицейдің қонақ үйі мен спорт залы);- Алматы қаласының құтқару қызметі арқылы 250 төсектік төсемдер мен матрацтар ұйымдастырылады;- Аумақты санитарлық тазарту бойынша аудан қызметінің жұмысы ұйымдастырылды;
— Аудан әкімдігі пәтердің бүлінген материалдарын (терезелер, есіктер және басқалар) қалпына келтіру мәселесі бойынша құрылыс салушымен келіссөздер жүргізді, оның нәтижелері бойынша құрылыс салушы пәтерлерді қалпына келтіруге міндеттенді;
— Тұрғындар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде;
— Зардап шеккендер үшін жедел желі ұйымдастырылды: 87071872507; 3989820;
— Зардап шеккендерді уақытша тұрумен қамтамасыз ету үшін жақын маңдағы қонақүйлермен келіссөздер жүргізілді;
Қазіргі уақытта барлық қызметтер штаттық режимде жұмыс істейді, аудан әкімі А. Қалдыбеков және барлық мүдделі қалалық пен аудандық қызметкер оқиға болған жерде. Қазіргі кезде жағдай тұрақты.
Айта кетейік, Алматыда сағат 17:00 шамасында 16 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шыққан болатын. Түтіннен қашқан тұрғындар пәтерлерінің терезелерінен секіріп, балаларын төменге лақтырды.
Төрт бала жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы төртеуі медициналық көмек алғаннан кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты. 12 ересек қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды, басқалары қажетті жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Қалған өрттен зардап шеккен адамдардың жағдайы тұрақты.