Ақмола облысында тағы бар адам Covid-19 дертінен қайтыс болы
Денсаулық сақтау министрлігінің 4 сәуір 15.40-тағы дерегіне сай, Ақмола облысында тағы бар адам Covid-19 дертінен қайтыс болды.
Осы сағатта елде тағы 25 адамнан коронавирус табылғаны хабарланды. Нұр-Сұлтан қаласында — 14 адам, Ақтөбе облысында — 3 адам, Қызылорда облысында — 2 адам, Ақмола облысында — 1 адам, Шымкент қаласында — 1 адам, Қарағанды облысында — 1 адам, Алматы облысында — 1 адам, Жамбыл облысында — 1 адам, Алматы қаласында 1 адам вирус жұқтырған.
Қазір елде 525 адамнан коронавирус анықталды. 36 адам дерттен айықты. Бес адам қайтыс болды. Көз жұмғандардың екеуі — Ақмола облысында, біреуі — Нұр-Сұлтанда, біреуі — Қарағанды облысында, біреуі Түркістан облысында.
Вирус жұқтырған 525 адам мына аймақтарда:
Нұр-Сұлтан қаласы – 216
Алматы қаласы – 110
Қызылорда облысы – 28
Қарағанды облысы – 27
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 23
Атырау облысы – 22
Ақмола облысы – 20
Шымкент қаласы – 13
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 10
Жамбыл облысы – 10
Шығыс Қазақстан облысы – 4
Маңғыстау облысы – 3
Батыс Қазақстан облысы – 2
Қостанай облысы – 1
Павлодар облысы – 1
Қазақстанда 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. Елдің барлық аймағында шектеу қойылған. Ірі қалаларда карантин. Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, елде үш жарым мыңдай адамға вирус жұғуы мүмкін.