Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:48, 04 Желтоқсан 2020

Ақмола облысының санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

None
None

Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина облыста шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы қаулыға өзгерістер енгізді.

«Жас Алашқа»  жіберілген хабарламада бұған қатысты былай делінген: 

— Жаңа құжат бойынша, барлық тұрғынға, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға 21.00-ден 06.00-ге дейін үйден шықпауға кеңес беріледі, келесі жағдайларды қоспағанда: азық-түлік, бірінші қажеттіліктегі тауарлар, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу; шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемелерге бару. санитарлық бекеттер арқылы кедергісіз шығуға/кіруге (жол парақтарын, жұмысқа нарядтарды, іссапар және т. б. ұсынған кезде) рұқсат етіледі:

— медициналық көрсеткіштері бойынша кететін және келетін адамдар; — транзит жолаушылар мен жүктерді автотасымалдаушылар; — вахташылар тасымалдайтын автокөлік; — КВИ таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларға тартылған адамдар мен көліктер үшін; — тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар; — тұрақты мекенжайына оралған Көкшетау және Степногорск қалаларының тұрғындарына рұқсат беріледі.

Тегтер: