Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:59, 11 Желтоқсан 2019

АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери базасында жарылыс болып, бес адам жараланды

None
None

11 желтоқсанда АҚШ-тың Ауғанстандағы ірі авиабазасы Баграм әуежайының маңында бомба қойылған екі көлік жарылып, бес адам жараланды.

Бұл туралы Азаттықтың Ауған қызметіне жергілікті шенеуніктер мен НАТО өкілдері хабарлады.

Баграм ауданының губернаторы Абдул Шокур Кудосидің айтуынша, жарылыс Кабулдың солтүстігіндегі Ян Кадам елді мекенінде әуежай маңында болған. Кудосидің айтуынша, жарылыстан кейін қарулы топ қауіпсіздік постына шабуыл жасап, әуежайдың бүлінген дуалы арқылы кешен аумағына кіріп, қауіпсіздік күштерімен атысқан. Оның айтуынша, оқиға орнында атыс әлі жалғасып жатыр.

Әзірге ешбір террористік топ шабуылды мойнына алған жоқ.

Осыған дейін де Ауғанстанда АҚШ және НАТО-ның қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасалған. НАТО-ға қарайтын миссия өкілі "Баграм әуежайындағы шабуыл база маңында тұратын ауғандықтарға көмек көрсету үшін салынып жатқан медициналық мекемеге қарсы бағытталған" деп мәлімдеді.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: