АҚШ вирус жұқтырғандар бойынша әлемде бірінші орынға шықты
АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Worldometer сайтының мәліметінше, 26 наурызда АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар 82 мыңнан асқан.
Эпидемия басталғалы бері 1177 адам коронавирустан қайтыс болған (Қытайда — 3287 адам). Бейсенбі күні бір күнде 10 мыңнан астам адамға вирус жұққаны белгілі болды. 24 сағатта 150 адам қайтыс болған.
Нью-Йорк штатында 37 мыңнан астам адамға вирус жұққан. Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо вирус жұқтырғандар күрт көбейгендіктен ауруханалар, медициналық мекемелер толып кетуі мүмкін деп мәлімдеді. Ауыр науқастарға қолданылатын өкпеге ауа жеткізетін аппарат жетіспеуі ықтимал. Нью-Йорк пен АҚШ-тың өзге штаттарында карантин жарияланды.
Конгрестің өкілдер палатасы 27 наурызда пандемия кезінде АҚШ экономикасы мен азаматтарын қолдау туралы шараларды заң жүзінде бекітеді. Шаралар пакеті 2 трлн долларға жетеді дейтін мәліметтер бар.
Өткен жылдың соңында Қытайда алғаш рет пайда болғалы әлемде коронавирус жұқтырғандар жарты миллионға жуықтады. АҚШ-тың Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, 27 наурызда әлемде вирус жұқтырғандар 530 мыңнан асты. 24 мыңнан аса адам қаза болып, 120 мыңнан астам науқас дерттен айықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын "пандемия" деп жариялаған.
Видео: "Тамағым кеуіп, тұла бойым ауырды". Коронавирус жұқтырғандар не дейді?
<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=""Тамағым кеуіп, тұла бойым ауырды". Коронавирус жұқтырғандар не дейді?" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b">
Embed Бөлісіңіз "Тамағым кеуіп, тұла бойым ауырды". Коронавирус жұқтырғандар не дейді?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30509464.html» dir=«ltr» readonly />
No media source currently available
0:00 0:05:47 0:00 Жүктеп алу