Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:06, 08 Қараша 2021

Ақтауда жарылыс: Кафе иесі пікір білдірді, 11 автокөлік бүлінген

None
None

Ақтауда 7 қараша күні кешке жарылыс болған «Шерқала» кешенінде орналасқан «Аянат» кафесінің қожайыны оқиға кезінде мекемеде ешкім болмағанын айтты.

Кәсіпкердің пікірін қала әкімдігі Instagram   парақшасына жариялады.

Кәсіпкердің  айтуынша, оның мекемесі принцип бойынша уақытында жабылады.

«Мен кафемді сағат 19.30 шамасында жауып тастадым. Сондықтан кафеде жұмысшылар да, қонақтар да болған жоқ. Көршілерді білмеймін, мен оларға жауапты емеспін», — деді Абай Әміреев.

Жергілікті биліктің мәліметінше, екі қабатты «Шерқала» кешенінің ішінде жұмыс киімдерін сататын дүкен, автобөлшектер, мейрамхана, монша, техникалық қызмет көрсету бекеті, қойма сияқты нысандар бар.

Тегтер: