Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:53, 15 Қыркүйек 2023

Ақтөбе — Қызылорда тас жолының құрылысы 2024 жылы басталады

None
None

Жаңа трасса төрт жолақты болады.

Көлік министрлігі алдағы уақытта салынатын жолдар тізімін жариялады. Мекеме мәліметінше 2024 жылы Ақтөбе — Ұлғайсын — Қызылорда (ұзындығы 1363 км), Жезқазған — Қарағанды (513 км) трассасы және «Сарыағаш қаласы айналма жолының» (102 км) құрылысы басталады.

Министр Марат Қарабаев бұл трассалар бірінші санаттағы төрт жолақты жол болатынын айтты. Мемлекет осы жолдарды салуға 7 млрд доллар (32.6 трлн теңге) жұмсайды.

Сондай-ақ министрлік 2025 жылы Атырау — Доссор (86 км) және Астана — Қостанай — Ресей шекарасы (830 км) автожолын жаңартады.

2026 жылы мына жолдарды жөндейді:

  • Павлодар — Ресей шекарасы (225 км);
  • Семей — Ресей шекарасы (111 км);
  • Атырау — Орал (521 км);
  • Бейнеу — Шалқар — Ырғыз (665 км),
  • Жаңаөзен — Кендірлі (156 км);
  • «Шымкент қаласы айналма жолы» (48 км);
  • Алматы — Талғар — Бәйдібек би (68 км);
  • Алматы — Үшқоңыр (48 км).
Тегтер: